Мұхтар Арын атындағы Қарғалы қазақ орта мектебі ММ
+7 7132 41 01 36

«SABANTOY fest»

26-қазан күні «Алтын күз»  мерекесіне орай бастауыш сыныптар арасында «SABANTOY fest» фестивалі ұйымдастырылды. Оқушылар жеміс-жидектерден тігілген костюмдерін киіп, өнерлерін ортаға салды. Нәтижесінде Бас жүлдені 3″Б» сыныбы «Асқабақтар»  тобы иеленді. Барша атсалысқан ата-аналар, оқушылар, сынып жетекшілерге алғыс білдіреміз. Ел байлығын арттырған берекелі де мерекелі күз мерекесі құтты болсын! Сары алтындай сары күз себетке толы жемісін, қамбаға толы егінін сыйласын!