4-желтоқсан күні мектеп жанындағы жылыжай кешенінің ашылу салтанаты өтті

4-желтоқсан күні мектеп жанындағы жылыжай кешенінің ашылу салтанаты өтті. Мектеп үшін жылыжайдың орны ерекше, мұны қолға алудағы мақсат – өнімнен пайда табу емес, оқушылардың теориялық білімін тәжірибемен ұштастыруды, еңбекке баулуды, экологиялық мәселелерді шешуге ықпал ету. Бұл игі бастаманы жүзеге асырған, бірнеше жыл жұмысын тоқтатқан жылыжайды қалпына келтіруге септігін тигізген мектеп басшысы Жанайдаров Жасұлан Төремұратұлы лентаны салтанатты түрде қиды.
Тәжірибелі жаратылыстану бірлестігі мұғалімдерінің қолдауымен оқушылар егілген көкөністерді бақылап, ауруға ұшырамауын, дұрыс өсуін қадағалайды. Теория мен практиканы ұштастыруға септігін тигізетін бұл шағын жылыжайда айтулы жұмыстар жүргізіледі деп сенеміз.

