«Үлкендер жолы – ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып!»

Асылы, үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету — ата-бабадан келе жатқан қасиет-салтымыз. Қарттары бар ел — қазыналы ел.
Ендеше, көпті көрген асыл қарттарымыз бақытты күн кешіп, қай кезде де халқына — сүйеу, жұртына қамқор боп, жүздерінен қуаныш пен күлкі кетпей, балалары мен немерелерінің қызығын көріп, аман-сау күн кешкей.
1-қазан Қарттар күні қарсаңында мектебімізде талай жыл еңбек етіп, ұрпақ тәрбиелеу ісінде өз өрнегін салған ардагер ұстаздармен «Үлкендер жолы – ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып!» атты кездесу кеші өтті.
«Қызмет қылсаң халқыңа, игі ат қалар артыңда» -деп қазақтың кемеңгер ақыны Сәбит Дөнентаев айтқандай бүгінгі кешіміздің құрметті қонақтары болған ардагер ұстаздарымыз- Табышева Кулян Шангерейқызы мен Өтетілеуова Жұмагүл Төлепбергенқызы.
Ұстаздарымызға арнап мектеп оқушылары өнерлерін ортаға салып, жырдан шашу шашты.



