Мұхтар Арын атындағы Қарғалы қазақ орта мектебі ММ
+7 7132 41 01 36

Спорт ардагері Қарабалин Нұржан Толыбайұлымен кездесу кеші өтті.

М.Арын атындағы ҚҚОМ-нің оқушылары Ақтөбе олимпиада резервін даярлау орталығының еркін күрестен бапкер- оқытушысы, қазақ спортының өркендеуіне үлес қосып жүрген азамат, еркін күрестен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Бүкілодақтық турнирлердің бірнеше дүркін чемпионы, Бүкіләлемдік ардагерлер ойынының жүлдегері, спорт ардагері Қарабалин Нұржан Толыбайұлымен кездесті. Кездесу кешіне «Мұрагер» әкелер клубы және «Ақ орамал» аналар клубының мүшелері және мектебіміздің жас спортшылары мен ата-аналары, жақында Абу Дабиде өткен жасөспірімдер арасындағы Әлемдік додада джу-джитсудан 1-орынды жеңіп алған Кенжебек Абдуллахтың тренері Айдаралин Досым қатысты. Нұржан Толыбайұлының жалынды әңгімелерін тыңдаған оқушылар бүгінгі күннің батырына ризашылығын білдіріп, жеңісті сәттері көп болуын тіледі. Жас спортышларымыз қызығушылықтарын танытып, ел мақтанышына өздерін мазалаған сұрақтарын жолдады. Кездесу екі жақтық еркін форматтағы диолог түрінде жалғасты. Кездесуден кейін әрбір оқушы көкірегінде туған жерге деген зор сүйіспеншілік, салауатты өмір салтын сақтай отырып спортпен айналысуға деген құлшыныс, ешбір жанға ешқашан таптатуға болмайтын Ар мен Намыс ұғымын жоғары қоюға деген талпыныс пайда болды.