Мұхтар Арын атындағы Қарғалы қазақ орта мектебі ММ
+7 7132 41 01 36

“Кішкентай білгірлер”

18-қазан күні М.Арын атындағы Қарғалы қазақ орта мектебінің бастауыш класс оқушылары арасында дарынды балаларды анықтау және дамыту мақсатында 4-класс оқушылары үшін “Кішкентай білгірлер” атты мектепішілік олимпиада өтті. Олимпиада ережесі:

1-тур: Негізгі үш пәннен тест сұрақтары(30сұрақ);

2-тур: Командалық жұмыс. Логикалық тапсырмаларды шешу;

3-тур: Капитандар сайысы. Әртүрлі сұрақтарға жауап беру;

Олимпиадаға 3 құрама топ: 4а класынан” Жалын” тобы, 4б класынан “Жас қыран”, тобы, 4в класынан “Жас білгірлер” тобы қатысып, “Жас қыран” тобы жүлделі орынға ие болып, “Кішкентай білгірлер” олимпиадасының қалалық кезеңіне қатысуға жолдама алды. Құттықтай отырып, жүлделі орын алуларына сәттілік тілейміз.