Мұхтар Арын атындағы Қарғалы қазақ орта мектебі ММ
+7 7132 41 01 36

Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығы аясында 5-қыркүйек – Қазақстан халқының тілдері күніне жоспарға сай іс-шаралар өткізілді.

Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығы аясында 5-қыркүйек – Қазақстан халқының тілдері күніне орай 5.09.2022-9.09.2022 жыл аралығында жоспарға сай төмендегідей іс-шаралар өткізілді.          5-қыркүйектен бастап «Әдебиет әлемін танытқан жан» тақырыбында А.Байтұрсыновтың  өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқу челленджі бастау алды. 1-сынып оқушысы  Мәден Әлия   бірінші болып «Жазышуның қанағаты » деген өлеңін мәнерлеп жатқа  оқыды.  Әрі қарай :

2 «ә» сынып оқушысы Әбдрахман Іңкәр;

3 «б» сынып оқушысы Қыраутай Сырғалым , Бауыржан Айназым;

5 «в» сынып оқушысы Нағашыбай Алмас;

5 «г» сынып оқушысы Бисенбаев Ақылбек;

8 «а» сынып оқушысы Аманқос Мәлік;

8 «а» сынып оқушысы Әлібиқызы Әсем және  орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Аргинбаева Сандугаш Нурлыбаевна ақынның өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқыды.

«Ахаңның айшықты ойлары» тақырыбында 9-11 сынып аралығында жазған жаппай диктант барысы

«Ақынын қадірлеген еліміз бар» тақырыбы аясында жоғарғы сынып оқушыларынан  А.Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығына байланысты  сұхбат алынды.   Оқушылармен сұхбат барысында «Ахмет Байтұрсыновтың есімі саған таныс па?» «Биыл А.Байтұрсыновтың туғанына неше жыл?», «Қай жылдары өмір сүрді?» ,  «Ахмет атамыз қандай партия құрды?»  т.б.  сұрақтар қойылып, оқушылардың жауаптары  видеоға түсіріліп мектептің инстаграм парақшасына салынды.

https://www.instagram.com/p/CiPdcvis6Y1/?igshid=YmMyMTA2M2Y=

 

 

«Ақынымды таныдым» тақырыбында 1-11 сынып оқушылары  ақын шығармалары кейіпкерлерінің суреттерін салып, суреттер жинақталып көрмеге қойылды. 10 «б» сынып оқушысы Жалғасбаева Әмина ерекше стильде А.Байтұрсыновтың портретін салған.