М.Арын атандағы Қарғалы қазақ орта мектебі дарынды балалармен жұмыстың 2019-2020 оқу жылының қорытынды талдауы
Мектебімізде дарынды балалармен жоспарлы түрде жұмыстар уақытылы жүргізіліп, дарынды балалар банкінде 100 оқушы бар, 50 оқушының тұрақты қатысымы бар және де белгілі бір нәтижеге қол жеткізгендігі анықталды. Атап өтер болсақ:
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық пәндік олимпиада бойынша қалалық кезеңінде өткен 2019-2020 оқу жылында 21 оқушы қатысып Математика, Орыс тілі пәндері бойынша — қалалық кезеңде 2/ІІ орын, облыстық кезеңде 2\ІІІ орын иеленді.
Оқушылардың ғылыми ізденушілік дағдыларын қалыптастыру және де белгілі бір жоғары нәтижелерге қол жеткізу мақсатында жұмыс жасап кележатқан «Зерек» атты оқушылардың ғылыми қоғамы бар, оған 26 оқушы мүшелік етеді және де 8 ғылыми секция, 8 ғылыми жетекші бар. Ғылыми қоғам алғаш рет 1-4 класс оқушылары арасында «Менің алғашқы ғылыми жобам» атты жаңа жобаны жүзеге асырды. Жобаның мақсаты: бастауыш класс оқушылары арасында ғылыми-зеттеу жобаларын қорғау байқауы ұйымдастыру, бағыт-бағдар көрсету, үйрету. Мектепішілік кезеңге 20 оқушы қатыстысып І орын алған оқушылар «Халықаралық экология, инженерия жəне педагогика ғылымдар академиясы» ҚҚ ұйымдастыруымен 1-10 класс оқушыларының арасында өткізілген зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалары байқауына қатысып: 13 оқушы Қазақ әдебиеті, Этномәдениет, Экология бағыттары бойынша: 1/І орын, 1/ІІ орын,1/ІІІ орын, 10/Мақтау қағазын иеленді.
Жалпы Ғылыми зерттеу байқауларындағы жетістіктеріне тоқталар болсақ:
«Дарын» ғылыми жобалар конкурсынының облыстық кезеңі : Қазақ әдебиеті бағыты бойынша 1 оқушы ІІІ орын, Дизайн және өнер (көркем еңбек) бағыты бойынша 1 оқушы жүлделі ІІІ орынды иеленді.
КҒА 24-ші облыстық ғылыми конференциясына 20 оқушы қатысып, 19 оқушы Қазақ тілі мен әдебиеті, Тарих, Ағылшын тілі, Информатика, Биология, География, Техника (Көркем еңбек) бағыттары бойынша-1/І орын, 4/ІІ орын, 10/ІІІ орын және 3/ Мақтау қағазын иеленді.
«Зерде» ғылыми жобалар конкурсында Тарих, Этономәдениеттану (Көркем еңбек) бірлестігі бойынша 2 /Мақтау қағазын иеленді.
Ақбөбек білім беру орталығы және Ақтөбе ҚББ ұйымдастыруымен өткізілген “Эрудит” қалалық ғылыми жоба қорғау байқауында Қазақ әдебиеті, Медицина, Өлкетану, Экология бағыты бойынша барлығы 6 оқушы қатысып Экология бағыты бойынша 1/І орын және «Ақбөбек» оқу-сауықтыру жазғы лагеріне жолдама алды.
“Заманауи әлемдегі ғылым мен инновацияны дамытудағы жастардың рөлі” атты қашықтықтан өткен ІІ Халықаралық ғылыми-зерттеу жұмыстар және инновациялық жобалар байқауы (Қазақ тілі, Көркем еңбек, Тарих пәндері бойынша) алғаш рет қатысып 1/ ІІ орын, 1/ ІІІ орын, 1/Мақтау қағазын иеленді.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша шығармашылық бағыттағы оқулар, байқаулар:
Қатысқан оқушылар саны | Жетістіктері | ||
2018-2019 | 2019-2020 | 2018-2019 | 2019-2020 |
15 | 11 | І,ІІ,ІІІ орын\ 5 | І,ІІ,ІІІ орын\ 7 |
Қатысқан оқушылар саны | Жетістіктері | ||
2018-2019 | 2019-2020 | 2018-2019 | 2019-2020 |
212 | 433 | І,ІІ,ІІІ орын\ 75 | І,ІІ,ІІІ орын\ 316 |
Қазақстан тарихы, Қазақ тілі, Математика, География, Ағылшын тілі, Орыс тілі пәндері бойынша өткізілген әр түрлі пәндік олимпиадалар, ойын-байқаулар, турнирлар:
“Достық” олимпиадасы (2020 жылы әлемдік пандемияға байланысты қашықтықтан өтті) Қазақ тілі, Қазақстан тарихы, Математика, Ағылшын тілі пәндері бойынша 2 оқушы қатысып облыстық кезеңде 1\І орын, 1\ІІ орын алды.
Жаратылыстану – Математика пәндері бойынша Республикалық Жасөспірімдер олимпиадасы: 3 оқушы қатысып 2 оқушы 1\І орын, 1\ІІІ орын алды.
“Халықаралық педагогикалық шығармашылық пен ғылымның дамуын қолдау қоры” Қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен “Олимпиада әлемі” атты ІV халықаралық пәндік олимпиада (Қазақ тілі, Қазақстан тарих,Орыс тілі,Ағылшын тілі,Математика, Химия пәндерінен) 77/ І орын, 98/ ІІ орын, 42/ ІІІ орын Барлығы: 217 орын.
Интернет байқаулар мен олимпиадалар: KIO Республикалық интернет олимпиадасы (Математика пәні бойынша) 25 оқушы қатысты 1\ІІІ орын иеленді.