Мұхтар Арын атындағы Қарғалы қазақ орта мектебі ММ
+7 7132 41 01 36

Хабарландыру

Бос педагог лауазымына конкурс

Қамқоршылық кеңес құрамын құру туралы хабарландыру

 

 

Мұхтар Арын атындағы Қарғалы қазақ орта мектебі бойынша Қамқоршылық кеңес мүшелерінің өкілеттілік  үш  жылдық мерзімі аяқталуына байланысты   Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығымен бекітілген «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларының» 2 тарау 5 тармағы негізінде  Қамқоршылық кеңесі  құрылатындығы және оның құрамы бойынша  ұсыныстар қабылдайтынын хабарлайды.

Қамқоршылық кеңес — Мұхтар Арын атындағы Қарғалы қазақ орта мектебінің  әрі қарай дамуына ықпал ету,  материалдық-техникалық базасын күшейтуге, мектептің өзін-өзі басқару қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету  мақсатында құрылады.

Қамқоршылық кеңес құрамына шақырылады: жергілікті өкілдік, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері, жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестер өкілдері, коммерциялық емес ұйымдарының өкілдері, білім алушылардың ата- аналары немесе заңды өкілі.

Білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларына (ҚР БжҒМ 27.06.17ж. №355 бұйрығы) сәйкес қамқоршылық кеңес құрамына үміткерлердің  ұсыныстарын күтеміз.

Ұсыныстар хабарлама шыққаннан кейінгі 10 күн ішінде қабылданады.

 

 

Байланыс тел:  8 7132  44-58-23

8 775 581 50 31

               

Электрондық почта:  m.arin2020@mail.ru