Мұхтар Арын атындағы Қарғалы қазақ орта мектебі ММ
+7 7132 41 01 36

Бос педагог лауазымына конкурс

Хабарландыру

М.Арын атындағы Қарғалы қазақ орта мектебі ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы  21 ақпандағы №57 бұйрығының (22.12.2022 № 513 өзгерістерімен) «Мемлекеттік білім беру  басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидалары» негізінде төмендегі мамандықтар бойынша педагогтерді қабылдауға КОНКУРС жариялайды:

Декреттік демалыстағы қызметкерлердің орнына уақытша бос орын:

  1. Ағылшын тілі пәні мұғалімі – 16 сағат/1бірлік;

Жалақысы – 180 000-250 000

Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған  соңғы күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күн ішінде жүзеге асырылады.

Конкурсқа қатысуға ниет білдіргендер хабарландыруда көрсетілген қажетті құжаттарын электрондық немес қағаз түрінде жолдай алады:

  1.      Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  2.      жеке басын куәландыратын құжат
  3.      кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы
  4.      білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
  5.      еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
  6.     «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
  7.      психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
  8.      наркологиялық ұйымнан анықтама;
  9.      сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса).
  10.      ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша шекті деңгейі кемінде 90% сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының, немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе Celta сертификаты (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) pass a; Delta (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе TOEFL (TOEFL) (интернетке негізделген тест (IWT)) — 60-65 балл; болу керек.
  11.    техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.
  12.      11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
  13.     тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.

 Осы Қағидада  көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.

 Мекен-жайы: Ақтөбе қаласы, Қарғалы т/а, Байғанин көшесі 2А, Телефон:  41-01-36, e-mail: m.arin2020@mail.kz